Өскеменде қолында сәбиі бар жалаңаш әйел көше кезіп жүрген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында екі әйел көшеде жалаңаш жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Гагарин бульварында 33 жастағы жалаңаш әйел алты айлық сәбимен кетіп бара жатты.

«Қазір ол тексеру үшін психоневрологиялық диспансерге жеткізілді. Ал сәби Ана мен бала орталығында», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Әйел адам полицейлерге мән-жайды түсіндірмеді. Тіпті өзінің кім екенін айта алмаған.

Екінші оқиға Пристань шағын ауданында болды. Ол жақта басқа бір әйел кеудесін жалаңаштап көше кезіп жүрген.

Анықталғандай, бұл әйел адам психиатриялық есепте тұр. Полицейлер екі оқиғаның да мән-жайын анықтау үстінде.


Соңғы жаңалықтар