Өскеменде көлік тұрғын үйге соғылып, екі адам зардап шекті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында автокөлік тұрғын үйге соғылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 9 қазан күні сағат 00.10-да жеңіл көліктің 19 жастағы жүргізушісі көпірден түсіп бара жатқан кезде метеорологиялық жағдайды ескермегендіктен машина сырғанап кеткен.

«Рульді басқара алмай қалған жүргізуші жолдан шығып кеткен күйі Назарбаев даңғылының бойындағы тұрғын үйге соғылған. Жарақат алған 16 жастағы жолаушы мен 19 жастағы жүргізуші қалалық ауруханаға жүгінді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жол апаты салдарынан көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан сұлулық салонының иесіне материалдық шығын келтірілген. Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.


Соңғы жаңалықтар