Өскеменде көлік қаққан ер адам көз жұмды
2021 жылғы 22 маусым 13:07

Өскеменде көлік қаққан ер адам көз жұмды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында көлік қаққан ер адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 20 маусым күні сағат 23.00 шамасында Өскеменнен Семейге шыға беріс жолда болған.

«ВАЗ-212014» автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі Нұрлы көш ауылының маңында 38 жастағы азаматты қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыратын жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT