Өскеменде көлік қағып кеткен жабайы елік көз жұмды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен ветеринарлары көлік қағып кеткен жабайы елікті құтқара алмады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Zoovita ветеринарлық емханасы жануардың өлімі бірнеше мүшесінің жетіспеушілігі, геморрагиялық шок және көптеген жарақат салдарынан болғанын хабарлады.

«Жұмада еліктің артқы аяқтары ісіне бастады. Біз қолдан келген қажетті шараларды жасадық, жағдай тұрақталған болатын. Келесі күні жағдай күрделеніп, құсуы жиілене түсті. Дәрігерлер барлық жағдайды жасады, соған қарамастан жануар ауырып, түнде өліп қалды», - деп түсіндірді ветеринарлық емханада.

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсанның ортасында Өскеменде жабайы елік көше кезіп жүрген болатын. Қорқып қалған жануар бірнеше күн көлік қаққанға дейін қалада жүгіріп жүрген. Бұған дейін жануар ветеринарлық емханаға жеткізіліп, оған ота жасалған.

Айта кетейік, жергілікті белсенді тіпті жабайы елікті қорғауға арналған акция жариялаған. Оған еліктің өміріне бей-жай қарамайтын азаматтар қолдау білдіріп, емдеуге 250 мың теңге жинап берген.

Айта кетейік, өткен демалыс күндері Өскемен көшелерінен тұрғындар тағы бір жабайы елікті байқаған болатын.

Соңғы жаңалықтар