+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Өскеменде көлігіне есірткі тығып, саудалаған 38 жастағы ер адам ұсталды

2021 жылғы 16 қазан 07:29
Бөлісіңіз:
Өскеменде көлігіне есірткі тығып, саудалаған 38 жастағы ер адам ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында полиция қызметкерлері есірткі саудасымен айналысқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ішегі қата күліп отырған: Павлодарда автобус жүргізушісі есірткі қабылдап алған Түркістан облысының тұрғыны ара ұяларына арналған арбада марихуана сақтаған

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 38 жастағы азаматтың көлігін тінту барысында орындықтың артындағы қалташадан полимерлі түйіншекті тапқан.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 52,75 грамды құрайтын кептірілген марихуана болып шықты. Сондай-ақ күдіктінің пәтерін тінту барысында жатын бөлмедегі төсек астынан 30,36 грамм марихуана мен 15,30 грамм гашиш табылған», - делінген ақпаратта.

Ер адам өз сөзінде есірткіні қолданбайтынын, сату үшін тасымалдағанын жеткізді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT