Өскеменде қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының полиция қызметкерлері мәйіті қоқыс жәшігінен табылған әйелдің өліміне қатысты күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 7 қазанда «102» каналына қоқыс жәшігінде әйелдің мәйіті жатқаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары дереу аттанды. Жедел әрекет еткен полиция қызметкерлері екі күдіктіні қолға түсірген.

«Анықталғандай, екі ер адам құрбыларымен бірге ащы судан ұрттаған. Кенет араларында жанжал шығып, еркектердің бірі әйелді қылқындыра кетеді. Жәбірленуші есінен танып қалғанда олар адам өлтіріп алдық деп қорқып, әйелді 4-ші қабаттан лақтырып жіберген. Содан кейін мәйітті қоқыс жәшігіне тастаған» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта бұрын сотталған 35 және 30 жастағы ер адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар