Өскеменде қоқыс жағатын зауыт салынбайтын болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында қоқыс жағатын зауыт салынбайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігі қоқыс жағатын зауыт салу жоспарынан бас тартты. Ал қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

«Қоқысты сұрыптау зауытын іске қосу қарастырылған. Құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталды. Сондай-ақ қала сыртында қатты тұрмыстық қалдықтар сақтайтын жаңа полигонды жайластыру жобасы да іске асырылады. Бұл полигон тұрғын аймақтардан жырақта болып қана қоймай, бұрынғыға қарағанда әлдеқайда экологиялық таза болады», - дейді шаһар басшысы Жақсылық Омар.

Оның айтуынша, құрылыс аяқталғаннан кейін шамамен 2024 жылы Шмелев Лог кенті маңындағы ескі қоқыс орны жабылып, аумақ қалпына келтіріледі.



Соңғы жаңалықтар