Өскеменде қоқыс полигонындағы өртті сөндіру 10 күннен бері жалғасуда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қалалық қоқыс полигонында 10 күн бұрын тұтанған өртті ауыздықтау жұмыстары әлі жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алтайньюс сайтына сілтеме жасап.

Өскеменнің Шмелев Лог кенті ауданындағы қоқыс төгетін орында аса ірі өрт 11 тамыз күні кешкілік уақытта басталған. Жалын шарпыған аумақ 1 гектарды құрады.

«Бес күніннен кейін Төтенше жағдайлар басқармасы қалалық қоқыс полигонындағы өрт толығымен сөндірілгенін мәлім еткен еді. Алайда, қала ішінде түтін мен жағымсыз иіс әлі де сақталып тұр», - деп жазады сайт.

Бүгінде полигондағы жұмыстар жалғасуда.

Төтенше жағдайлар қызметінен мәлім еткендей, «Өскеменспецкоммунтранс» ЖШС өрт болған ауданда әлі де жұмыс істеп жатыр. «Өрт қалдықтарын толықтай ауыздықтау үшін 2 өрт сөндіру техникасы, 1 жүк көлігі және бульдозер жұмылдырылды», - деді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар