Өскеменде қоғамдық орындарды санитарлық тазалау жұмыстары басталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында қоғамдық орындарды санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шаһардағы коммуналдық қызметтер санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шараларды қолға алған. Қазірде жылы аялдамалар толықтай дезинфекцияланды. Келесі кезекте жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері мен аялдама павильондары тұр.

«Әуелі павильонның іші және сырты ыстық сумен шайылады. Содан кейін орындықтар, есік тұтқалары түгелдей дезинфекциялық құралдармен жуылады», - деп хабарлады қалалық әкімдік.

Ал жабық нысандарда, яғни жер үсті және жер асты өткелдерінде, жылы аялдамаларда дезинфекциялау жұмыстары күн сайын жүргізілмек. Дәл осындай шаралар қоғамдық дәретханаларда да атқарылуда.


Соңғы жаңалықтар