Өскеменде қоғамдық көлікте жолақыны QR код арқылы төлеуге болады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы қоғамдық көліктерде жолақыны QR код арқылы төлеуге мүмкіндік жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келесі аптадан бастап автобустарда, шағын автобустарда және трамвайларда жолақысын төлеуге арналған QR кодтар енгізілмек.

Бұл қалалық жолаушылар тасымалын басқару орталығы мен Kaspi Bank арасындағы келісімшарт аясында жасалып отыр.

«QR-код арқылы төлеу кезінде жол жүру ақысы автобустар мен шағын автобустарда 90 теңге, трамвайда 80 теңге болады. Бұл баға мамыр айында дифференциалданған тариф енгізілгеннен кейін де сақталады», - делінген орталық мамандары таратқан ақпаратта.

Айта кету керек, қандай да бір жеңілдіктер тиесілі санаттағы азаматтарға QR-код арқылы ақша төлеген кезде жеңілдіктер есептелмейді.

Тек арнайы жасалған картамен немесе қолма қол ақшамен төлеген кезде жеңілдік жасалады.



Соңғы жаңалықтар