Өскеменде кеудесін қызғаныш кернеген жігіт танысын пышақтап тастады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында қызғаныштан танысына пышақ сұққан 17 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қыркүйек айының аяғында «102» арнасына қоңырау шалған зейнеткер Пристань ауданындағы көпқабатты үйдің ауласында пышақталған адам туралы хабарлады.

«Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары төбелестің Толстой көшесінде болғанын анықтады. Танысының үйіне қонаққа барған жігіт ащы судан ұрттаған. Біраздан соң масая бастаған ер адам үй иесінен бір қызды қызғанып, қолына пышақ алып жәбірленушінің іш тұсына сұғып жіберген. Жедел-іздестіру шаралары барысында Глубокое ауылының 17 жастағы тұрғыны ұсталды. Пәтерден шығып кеткен ол сол жерден қашып кетпек болған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр.



Соңғы жаңалықтар