Өскеменде қайығы аударылып, суда қалғандарды құтқарған екі адам марапатталды

None
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында қайығы аударылып, суда қалғандарды құтқарған екі адам марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 7 мамыр күні «Звезда» кемесінің капитаны Александр Бахарев пен рульдік-моторист Андрей Денисенко қайығы аударылып, суда қалған әйел мен ер адамды құтқарып қалған болатын.

Ертіс өзенінің бойындағы «Самал саябағы-Өзен вокзалы» тұрақты бағыты бойынша келе жатқан олар суда қайығы аударылып қалған екі адамды байқай салысымен бірден көмекке ұмтылды.

Кемеден құтқару шеңберін лақтырып, адамдарды суық судан шығарып алды.


Сын сағатта осылай жылдам әрекет ете білген Александр Бахарев пен Андрей Денисенкоға ШҚО ТЖД басшысы атынан Алғыс хаттар берілді.

«Шұғыл жағдайда көмекке келіп, батыл қимылдай білу – нағыз ерлік. Біздің өңірде осындай ержүрек, басқа біреудің басына іс түскенде әрекетсіздік танытпайтын адамдардың болғаны қуантады. Сіздер нағыз құрметке лайықсыздар», - деді марапаттау сәтінде департамент басшылығы.


Соңғы жаңалықтар