Өскеменде қатты желден кран құлап кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында қатты желден мұнаралы кран құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға 1 маусымда Сәтбаев даңғылындағы құрылысы жүргізіліп жатқан көпқабатты үйдің маңында болған.

«Қатты желдің салдарынан құрылыс алаңындағы мұнаралы кран құлап кетті. Зардап шеккен ешкім жоқ. Кран басқа ғимараттар мен құрылыс нысандарына еш зақым келтірмеді», - делінген ақпаратта.

Сол сәтте кран жұмысқа қолданылмай, бос тұрған. Енді комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары оқиғаның мән-жайын анықтайды.

Еске салсақ, елордада көпқабатты үйге кранның құлауы бойынша тексеру аяқталды.

Соңғы жаңалықтар