Өскеменде қарулы тонаушыға қарсы тұрған әйел марапатталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қалалық полиция басқармасы қолына қару алып, дүкен тонамақ болған ер адамға қарсы тұра білген әйелді батылдығы үшін марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

29 желтоқсан күні полицияға азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы ақпарат келіп түскен. Орта жас шамасындағы белгісіз ер адам мылтыққа ұқсайтын затпен дүкен сатушысын қорқытып, ақша талап еткен.

«Әйел тонаушыдан қаймықпай, қаруын тартып алып, басынан ұрып жіберген. Мұндайды күтпеген қарақшы бірден дүкеннен шығып, қаша жөнелген. Тәртіп сақшылары көп ұзамай күдіктіні қолға түсірді. 1965 жылғы Өскемен қаласының тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 192 және 287-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Басына қауіп төнсе де, батылдық танытқан Эльмира Ибрагимқызы Алғыс хатпен марапатталды.

Соңынан анықталғандай, тонаушының қолында оқ атуға жарамды бір ұңғылы шолақ мылтық болған.


Автор: Талғатжан Мұхаметбекұлы


Соңғы жаңалықтар