Өскеменде карантин режимін бұзған 100-ден астам адам жауапқа тартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16 сәуірден бастап коронавирус инфекциясының таралуын бәсеңдету мақсатында Шығыс Қазақстан аумағында карантин енгізілген болатын. Алайда тұрғындар арасында бекітілген шектеулерді сақтамайтындар кездесуде. Тәртіп сақшылары 20-22 сәуір аралығында рейд жүргізіп, заңды аттағандарды анықтады.

«3 күн ішінде 102 адам карантин режимін бұзған. Оның 69-ына ескерту жасалса, 19-ына айыппұл салынып, 14 адам әкімшілік қамаққа алынды», - делінген ШҚО ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Сондай-ақ Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ешқандай рұқсат қағазынсыз мас күйінде көшеде жүрген ер адамның ісі қаралған. Ол осыған дейін де бірнеше рет әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берген.

Сот шешімімен қала тұрғыны 3 тәулікке қамалды.


Соңғы жаңалықтар