Өскеменде қаңтар оқиғасында халықты жаппай тәртіпсіздікке шақырған адамға үкім шықты

Фото:
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасы кезінде Өскемен тұрғындарын жаппай тәртіпсіздікке шақырған адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ер адам қаңтар оқиғасында Өскемен халқын жаппай тәртіпсіздікке баруға үндеген. Оның ісі қалалық сотта қаралып, 22 қыркүйек күні үкім шықты.

«Айыпталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 272-бабы 3-бөлігі, яғни «Жаппай тәртіпсіздікке шақыру» бойынша сотқа тартылған. Қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне, істі жеңілдететін мән-жайлардың болмауына байланысты сотталушыға 8 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде қаңтар оқиғасына қатысқан 13 адам сотталғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар