Өскеменде қаңтар оқиғасына қатысқан жеті адам сотталды

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан жеті адам сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық сот қаңтар оқиғасына қатысқан 7 адамға үкім шығарды. Олар 5-6 қаңтар күндері елді жаппай тәртіпсіздікке шақырғаны және бүлікке өздері қатысқаны үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 272-бабы бойынша кінәлі деп танылды.

«Жетеуі де өз қылмыстарын мойындады. Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, төрт айыпталушыны бір жыл алты айға бас бостандығын шектеді. Қалған үшеуіне пробациялық бақылау белгілеумен 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп хабарлады ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Өскемен мен Семей қалаларының соттары жаппай тәртіпсіздікке барған тағы 36 адамға қатысты 6 қылмыстық істі қарауда.


Соңғы жаңалықтар