Өскеменде қаңтар оқиғасына қатысқан тағы 2 адам сотталды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында қаңтар оқиғасына қатысқан тағы 2 адам сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қалалық сот екі айыпталушыға қатысты үкім шығарды.

«Ер адамдар ҚР Қылмыстық Кодексінің 272-бабы 2,3-бөлігімен (Жаппай тәртіпсіздікке қатысу және шақыру) және 300-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен (Құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) сотталды. Сот шешімі бойынша бір айыпталушы 4 жылға, екіншісі үш жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде қаңтар оқиғасында халықты жаппай тәртіпсіздікке шақырған адамға үкім шыққанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар