Өскеменде қант бағасын көтерген кәсіпкерлермен жұмыс жүргізілуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында қант бағасын қымбаттатқан кәсіпкерлер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта қалалық мәслихат депутаттары сауда орындарындағы азық-түлік бағасына бақылау жүргізуде.

«14 наурыздан бастап шаһардағы ірі сауда нүктелерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын қадағалаудамыз. Атап айтқанда, «Сити», «Дос Нар» базары, «Титан», «АДК», «Даниэль», «Фреш маркет», «Колос» және тағы басқа сауда орындарында мониторинг жүргіздік. Бағаны рұқсат етілген шектен асырғандарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», - дейді депутаттар.

17 наурыз күні кей жерлерде қанттың құны қымбаттағаны анықталған. Осыған орай халық қалаулылары кәсіпкерлермен бағаның өсуіне әсер еткен факторларға талдау жасауда.


Соңғы жаңалықтар