Өскеменде қамауға алынған әйел тергеу изоляторында босанды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында қамауға алынған 30 жастағы әйел тергеу изоляторында босанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жүктіліктің 8-ші айында қамауға алынған әйел адам жеке камераға орналастырылған. Толғақ басталған кезде уақытша ұстау изоляторындағы медициналық бөлімнің қызметкерлері жедел жәрдем шақырып, оны ауруханаға жеткізді.
«Ол аман-есен қыз туып, тергеу изоляторына қайта оралды. Біз өз тарапымыздан барлық қажетті заттармен қамтамасыз еттік. Қазір әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Ол қызды күйеуіне және туыстарына беру туралы шешім қабылдады. Мекеме қызметкерлері бәрін ұйымдастырып, баланы күйеуіне тапсырды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Әйел тергеу изоляторының қызметкерлері үлкен көмек көрсеткенін айтты. Өйткені, перзентханада болған кезде карантинге байланысты туыстары оған бара алмаған.
Айта кетейік, қамаудағы әйел адам бұған дейін сотты болмаған. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
- Атырау облысында тұрғын үйден 4 адамның денесі табылды
- Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті
- Оралда тұрғын үй өртеніп, 2 газ баллоны жарылды
- Өскеменде өрт шыққан көпқабатты үйден 12 адам эвакуацияланды
-
ШҚО әкімі жемісті еңбек еткен әйелдер қауымын мерекемен құттықтады
-
Сауатсыз емеспін: Әдеп кеңесіне келген ақтөбелік шенеунік өз ісін түсіндірді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам