Өскеменде қалта ұрлығының саны артты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында қаңтар айында 30-ға жуық қалта ұрлығы тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда біршама өскен. Қалта ұрлығы көп жағдайда қоғамдық көліктерде жасалады. Әсіресе №12, 10, 42, 33 бағыттағы автобустарда жиі тіркелуде.

«Өткен айда полиция қызметкерлері бірнеше қалта қаққышты ұстады. Ұрылардың бірі № 42 автобуста жолаушының сөмкесінен 40 мың теңгені қолды қылса, тағы бірі әйел адамның қалтасындағы әмиянын жымқырған. Қазірде күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы, 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп хабарлады ведомство өкілдері

Полицейлер тұрғындарды адам көп шоғырланатын жерлерде барынша сақ болуға шақырады.


Соңғы жаңалықтар