Өскеменде қаланың орталығында иесіз есек көше кезіп жүрген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының орталығында иесіз есек көше кезіп жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерде жол бойында кетіп бара жатқан есектің видеосы тарап кетті. Жануар жүйткіген көліктердің арасында сескенбей, жайбарақат жүрген.

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, есектің иесі іздестірілуде. Есек Өскемен қалалық ПБ ППБ кавалериялық взводының атқорасына қамалды.


Соңғы жаңалықтар