Өскеменде Қала күні үлкен концертпен аяқталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде қаланың 298 жылдығына арналған мерекелік шаралар кеше, 8 қыркүйек күні эстрада жұлдыздарының үлкен концертімен және отшашумен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала күніне арналған іс-шаралар бағдарламасы айтарлықтай ауқымды болды: күрделі жөндеуден өткен 12 ауланың үлкен таныстырылымы өтті. Сондай-ақ бір шақырымға жүгіруден ашық жарыс, бал фестивалі, халық ойындары, алуан түрлі аниматорлар мен балаларға арналған аттракциондар ұйымдастырылды.

Өскеменде сондай-ақ «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткенін хабарлаған болатынбыз. 

nullМерекелік шаралардың шырқау шегі Республика алаңында өткен эстрада жұлдыздарының үлкен концерті болды. Онда Дастан Оразбеков, Әли Оқапов, Райм&Артур, Зируза секілді шоу-бизнес өкілдері өнер көрсетті.

«Жас дарын иелерінің жанды дауыстағы әндерін тыңдағаныма қуаныштымын. Кеште ешқандай фонограмманың болмағанына риза болдық. Жанды музыка ыстық эмоцияларға бөлейді», - дейді қала тұрғыны Әлішер Төлепбергенов.

nullКонцерттік бағдарлама үзіліссіз екі сағатқа жалғасты. Келгендер армансыз билеп пе қайтты.  

Соңында Өскемен аспанын алуан түсті фейерверктер көмкерді. 

Фото: altaynews.kz

Соңғы жаңалықтар