Өскеменде Қабанбай батыр атындағы музей ашылады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында Қабанбай батыр атындағы музей ашылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да Қабанбай батыр атындағы музей ашылады.

Жоба бойынша музей экспозициялары – QR-код пен аудиогидтер арқылы заманауи үрдісте ресімделмек.

«Музей білім ордасының екінші корпусында орналасады. Дәл осы жерде ҚР Қарулы Күштері үшін болашақ әскерилер даярлануда. Әскери кафедра 2019 жылы ашылған. Мұражай болашақ офицерлердің қажетті білім мен дағдыларды алулары үшін жағдай жасауға бағытталған. Басты мақсат – жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу», - деді университет ректоры Мұхтар Төлеген.

Оның айтуынша, музейді ашуға көмектесу үшін музейтанушылар, сәулетшілер, тарихшылар мен әскерилер шақырылған.

Эскиздердің әртүрлі нұсқалары талқыланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар