Өскеменде із-түзсіз кеткен 7 жасар бала табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында із-түссіз жоғалған бала табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 14 сәуір күні «102» жедел арнасына 30 жастағы жергілікті тұрғын қоңырау шалды.

Әйелдің айтуынша, оның 1-сыныпта оқитын ұлы таңертең мектепке кеткен.

Сабақ аяқталғаннан кейін сағат 12.15-те әжесінің үйіне қонаққа баруы тиіс болған. Алайда ол әжесіне сол күйі жетпеді.

Анасы баласын өз бетімен тауып көрмек болғанымен одан еш нәтиже шықпаған.

Сөйтіп ол амалсыздан полиция қызметкерлерінен көмек сұрады.

Полицейлер дереу 7 жасар баланы іздеуге кіріскен.

«Жанат Шайзолданов пен Айдын Бақытбек оқушыны су қоймасының жанынан тапты. Қазіргі уақытта бала ата-анасына жеткізілді. Белгілі болғандай, ол анасына ескертпестен жолдастарымен серуендеп кеткен», - дейді басқарма бастығы Андрей Мула.

Айта кетейік, жыл басынан бері барлығы жоғалып кеткен кәмелетке толмаған 24 бала табылды.


Соңғы жаңалықтар