+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Өскеменде инвестициялық форум өтеді

2019 жылғы 23 қазан 12:17
Бөлісіңіз:
Өскеменде инвестициялық форум өтеді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде «Бизнеске арналған 50 нақты ұсыныс» инвестициялық форумы өтеді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында биыл 13 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр Алматы қаласына тартылған инвестиция көлемі өсті Жамбылда салынатын зауыт құрылысына 800 млн доллар инвестиция жұмсалады

Қаладағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шараны 30 қазан күні өткізу жоспарланған. Форумға республика көлеміндегі кәсіпкерлер шақырылды. Жиын үш секция бойынша жүреді:

1. «Ауылшаруашылық және коммерциялық бағыттағы жер телімдері»

2. «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары мен сенімді басқару»

3. «Қаладағы индустриалдық аймақтарды дамыту»

Өскемен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мәліметінше, қазіргі уақытта форумға қатысуға 30 өтініш келіп түскен.

– Ел көлемінде жалпы саны 200 шақыру тараттық. Әзірше 30 кәсіпкерден нақты өтініші түсті. Олардың дені облыстағы бизнес өкілдері, – дейді қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Арман Мұқтарқанұлы.

Шараны ұйымдастырушы тараптың айтуынша, кәсіпкерлерден өтініш қабылдау жалғаса береді.

– Негізінен осы уақытқа дейін форум туралы хабарды аймақтың түкпір-түкпіріне таратуға күш салдық. Алдағы апта ішінде республикаға жарнамалауды қолға аламыз. Өтініштер саны көбейетініне сенімдімін, – дейді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсынбет.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есентай Айтұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT