Өскеменде иіс тиген 7 адам ауруханаға жеткізілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 7 адамға иіс тиген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін бірінші қалалық ауруханаға иіс тию белгілерімен 7 адам, оның ішінде 3 бала жеткізілген.

«Анықталғандай, олар Мерей көшесіндегі жер үйде тұрады. Үйдегі пеш мұржасының тазаланбағанына 1 жылдан асқан. Соның салдарынан тұрғындарға иіс тиген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта 1985 және 1982 жылғы екі әйел ауруханада жатыр. Қалғандары медицина қызметкерлерінің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілді.

Үй иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды.


Соңғы жаңалықтар