Өскеменде иесіз ғимараттың шатырына шығып кеткен 9 жасар бала құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында иесіз қалған ғимараттың шатырына шығып кеткен 9 жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 10 қарашада Бажов көшесінде жалғыз өзі ойнап жүрген 9 жасар бала ағашқа өрмелеп екіқабатты иесіз ғимараттың шатырына шығып кеткен.

Ағаш бұтағы сынып кетіп бала өздігінен төменге түсе алмай қалды. Осы кезде қас қарайып бара жатыр еді. 30 минут күткен бала айқайлап көмекке шақыра бастаған. Сол маңайда өтіп бара жатқан әйел естіп қалып, дереу құтқарушыларды шақырды. Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жылжымалы баспалдақтың көмегімен ғимараттың шатырына көтерілген.

«Құтқарушылар баланы арқанмен байлап, баспалдақпен түсірді. Осылайша ол ана-анасына аман-есен тапсырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар