Өскеменде хоккейден балалар мен жасөспірімдердің командалары арасында ҚР Әлем чемпионатының ІІ-ші кезеңі басталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде 2005 жылы дүниеге келген балалар мен жасөспірімдердің арасында Қазақстан Республикасының шайбалы хоккейден чемпионатының ІІ-ші кезеңі басталды.

Оған Рудный, Екібастұз, Сәтбаев, Бішкектің (Қырғызстан) жас хоккейшілері, сондай-ақ жергілікті үш команда - «Устинка-2005», «Устинка-2006» және «Торпедо-2005» қатысты.

Чемпионаттың барлық ойындары мұз модулінде өтеді, жанкүйерлер үшін кіру тегін, деп хабарлады «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубының баспасөз қызметінен.

Бүгін сағат 9-да бірінші ойында Бішкектің «Локомотиві» мен өскемендік «Торпедо», одан кейін «ПСО Екібастұз»-«Устинка-2006» кездесті, «Сәтбаев арландары» «Устинкамен» ойнайды.

Қазақстандық чемпионаттың жеңімпазы 3 ақпан күні анықталады.

Соңғы жаңалықтар