Өскеменде халықаралық стандарттарға сай велотрек салынып жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында BMX кросс велоспортына арналған кәсіби трек салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

BMX – велосипед спортының кең таралған түрі және ол 2008 жылдан бері олимпиадалық ойын түрлерінің қатарында. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемендегі «Самал» саябағында салынып жатқан велотректің құрылыс жұмыстарының қарқынын қадағалады.

«BMX – тек жастар қызығатын спорт түрі ғана емес, көптеген велоспорт әуесқойлары үшін өмір сүру стилі. Облыс орталығында салынып жатқан трек халықаралық стандарттарға сай болмақ. Тректің жабыны Токио Олимпиадасындағы сияқты болады. Велокросс әуесқойлары үшін де, кәсіби спортшылар үшін де жолдар салынады. Алдағы уақытта бұл жерде әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізетінімізге сенімдімін», - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар ол құрылысшыларға Мәскеуден келген Халықаралық велоспорт федерациясының өкілдері кеңес беретінін, сондықтан құрылысты жобалағанда талаптар түгел ескеріліп, барлық тиісті талаптар сақталатынын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар