Өскеменде халықаралық стандартқа сай келетін теннис орталығы ашылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында халықаралық стандартқа сай келетін төрт қабатты теннис орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскеменде теннис орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Халықаралық ITTF стандартына сай келетін орталықта заманауи жаттығу залы мен спортшыларға арналған оңалту орталығы орналасқан.

«Орталық балалар мен ересектерге, кәсіпқойлар мен әуесқойларға өз есігін айқара ашып отыр. Мұнда ерекше қажеттілігі бар адамдар да келіп теннис ойнай алады. Біз үздік жаттықтырушыларды жұмысқа тарттық. Үстел теннисі орталығы бұқаралық спортты дамытып қана қоймай, әлемдік деңгейдегі турнир мен жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Орталықта бір мезетте 250 адам жаттыға алады. Бірінші қабатта дайындық жүргізу үшін 40 үстел, екінші қабатта жарыс өткізілетін 18 теннис үстелі бар.

Бүгінде теннис – олимпиадалық спорт түрі. ШҚО-да 458 теннис секциясында 11 мыңдай спортшы жаттығады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Алакөл маңындағы әуежай туристік маусымға дейін жөнделіп бітетінін хабарлаған едік .


Соңғы жаңалықтар