Өскеменде халықаралық конференция өтіп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде «Алтай - түркі өркениетінің бесігі» атты халықаралық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде өтіп жатқан ауқымды шараға Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің, Павлодар мемлекеттік педагогикалық уинверситетінің, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының, Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының, «Қырым аралы» ғылыми-реставрациялау зертханасының ғалымдары мен ресейлік сарапшылар қатысуда.

Конференция қонақтары әуелі «Үлкен Алтай» мұражайына саяхат жасап, өңір тарихын «Көне Алтайдың» макетінен тануға мүмкіндік алды. Кешке дейін жалғасатын шара екі кезеңнен тұрады. Түске дейін археолог Зейнолла Самашев, шығыстанушы Меруерт Абусеитова, суретші-реставратор Қырым Алтынбеков шеберлік сағаттарын өткізсе, түстен кейін конференцияның пленарлық отырысы өтеді.

Отырыста сөз алатын ғалымдар Алтайды Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына арқау болған құндылықтардың алтын бесігі ретінде дәріптеп, аса құнды ғылыми деректер ұсынады деп күтілуде.

Белгілі философ Ғарифолла Есім бастаған конференция спикерлері «Қазақ даласындағы эталондық ескерткіштер», «Құрай-Шу металлургиясы», «Кенді Алтай өркениеті», «Шығыстың «шабандоз» мәдениеті», «Ботай» мәдениеті» тақырыптарын қозғап, тың деректерге толы баяндамалар жасайды.

Соңғы жаңалықтар