Өскеменде халықаралық іздеуде жүрген есірткі тасымалдаушы ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында халықаралық іздеуде жүрген есірткі тасымалдаушы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлері Еркебұлан Ордабаев пен Айбек Сиязбековтен 50 жастағы Өскемен тұрғыны көмек сұраған. Белгілі болғандай, танысы үйінде спирттік ішімдік ішу кезінде оны ұрып-соғып, белгісіз бағытта кетіп қалған.

«Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары дереу тексеру жүргізді. Нәтижесінде аталған ер адамның 2021 жылдың маусым айынан бері есірткі тасымалдағаны үшін халықаралық іздеуде жүргені анықталды», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта 1981 жылғы азамат қамауға алынған. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар