Өскеменде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «7 керемет» атты фестиваль өтті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы Сол жағалау саябағында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«7 керемет» атты фестиваль жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатыр. Соның аясында балалар түрлі бояулармен асфальтқа сурет салып, мультфильм кейіпкерлерімен спорттық ойындар ойнап, караоке batle-ға қатысып, квест шешті.

Келушілер концерт тамашалап, сайқымазақтармен ойын алаңында көңіл көтерді. Бұдан бөлек, балаларға дастархан жайылып, балмұздақ таратылды.

«Саябақ аумағы 7 алаңға бөлініп, әр жерде қызықты шаралар ұйымдастырылды. Жалпы тек Өскеменде ғана емес, бұл күні облыстың түкпір-түкпірінде балаларға арналған шаралар өткізіліп жатыр. Аймақ бойынша 180 мыңнан астам бала қамтылады деп жоспарланып отыр», - деді ШҚО Білім басқармасының бас маманы Қанат Оралбек.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда 564 оқушы «Алтын белгіге» үміткер екендігін хабарлаған едік.


Ашық көздерден алынған фото


Соңғы жаңалықтар