Өскеменде фитнес-жаттықтырушы есірткі сатып келген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында есірткі саудалаған фитнес-жаттықтырушы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел алдын алу шарасы барысында Өскеменде ұзақ уақыт бойы марихуана сатумен айналысып келген фитнес-орталықтардың бірінің жаттықтырушысын қолға түсірді.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында оның есірткі саудасына қатысы бар екендігі анықталды. Күдіктіден 30-дан астам бірреттік марихуана дозасы тәркіленді», - дейді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Қазіргі уақытат ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңір полицейлері есірткіге байланысты 170 қылмысты анықтаған. Нәтижесінде 222 келі түрлі есірткі тәркіленді, оның 3,7 келісі психотроптық заттар.


Соңғы жаңалықтар