Өскеменде эвакуатор жаяу адамды қағып өлтірді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде жол апатынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 16 қазан күні кешкі сағат 18.20 шамасында болған.

«Соңғы ақпарат бойынша, «Toyota» маркалы эвакуатордың 62 жастағы жүргізушісі Бәйтерек айналма жолында келе жатып, Жеңіс даңғылына бұрылатын тұста реттелмеген жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен. Көліктің астында қалған адам дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды» деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.

Қазіргі таңда Өскемен қаласының полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Жол апатын көрген куәгерлердің 102, 23-26-13 нөмірлеріне хабарласуын өтінеміз» дейді қалалық полиция.


Соңғы жаңалықтар