Өскеменде есірткі жарнамалайтын 50-ден астам граффити-сурет жойылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында полиция қызметкерлері есірткі жарнамалайтын 50-ден астам граффити-суретті жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «ВИКИНДА» қоғамдық қорының және ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен бірлесіп, нашақорлықтың алдын алу және психотроптық заттардың таралуын болдырмау мақсатында Өскемен қаласының көшелерінде рейд жүргізді.

«Шаһардағы түрлі ғимараттар мен тұрғын үйлерді аралау кезінде синтетикалық психотроптық заттарды сататын сайттар көрсетілген 50-ден астам граффити-сурет анықталған. Тәртіп сақшылары бірден граффити-суреттерді жойды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Оның айтуынша, осындай рейдттер үнемі жүргізіліп отырады.


Соңғы жаңалықтар