Өскеменде есірткі тасымалдаған жігіттен 250 доза тәркіленді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында есірткі тасымалымен айналысқан 21 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2021» республикалық жедел-алдын алу шарасы барысында Өскеменде психотроптық заттарды тасымалдаған жігітті ұстады.

«Оңай жолмен пайда табу мақсатында 21 жастағы ер адам заңсыз жолға бет бұрған. Тәртіп сақшылары жеке тінту жүргізу кезінде одан изолентамен оралған синтетикалық есірткінің 250 дозасын тапты. Ұсталған қала тұрғыны үй қамағына алынды», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар