Өскеменде есірткі саудасымен айналысқан елорда тұрғыны ұсталды

None
Фото: ШҚО полиция департаменті
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында есірткі саудасымен айналысқан елорда тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары есірткі ораушы-курьерді ұстады.

«Өскеменде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері облыс прокуратурасымен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тыйым салынған заттарды байланыссыз тәсіл арқылы таратқан 26 жастағы елорда тұрғынын қолға түсірді. Ол есірткіні танымал мессенджерлердің бірінде интернет-дүкен арқылы сатқан», - делінген ақпаратта.


Полицейлер ер адамның аймақтық курьер және есірткі қоймасының ораушысы қызметін атқарғанын анықтады.

Күдікті аса ірі көлемдегі есірткі заттарын алып, оларды орап, жасырын жерлерге қойып отырған.

«Тінту жүргізу барысында оның жалдамалы пәтерінде жалпы салмағы 500 грамнан асатын психотроптық заттар табылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1,3,5-тармақтарымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар