Өскеменде Ертістің бойымен катер жүретін болады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы «Самал» саябағы мен Өзен вокзалы аралығында катер жүрмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Белалекс» компаниясы мен «Вояж» туристерге арналған фирмасы қолға алған жобаға қала әкімдігі қолдау білдірген. Енді тұрғындар Өзен вокзалы маңынан «Самал» саябағына катермен жете алады.

«Белалекс» компаниясының директоры Олег Беловтың айтуынша, әуел баста 3 катер қатынайтын болады. Оның әрқайсысына 30 адамнан сыяды.

«Осы сияқты катер Семейде де жүреді. Бұл туризді дамытуға бірден-бір мүмкіндік. Демалыс күндері басқа бағыттарда қатынаймыз», - дейді ол.

Жоспар бойынша катерлер 9 мамырда жүре бастамақ. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар катермен Сол жағалау музей-саябағына да аялдауға ұсыныс жасады.

«Катерлер ең бірінші Өзен вокзалы мен «Самал» саябағы арасында жүреді. Кейіннен Сол жағалау музей-саябағында аялдама жасаймыз. Бұл жоба негізінен өткен жылы басталған. Ары қарай оны дамыта түсуіміз керек», - деді шаһар басшысы.


Соңғы жаңалықтар