+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Өскеменде Ертіске құлап кеткен бойжеткен құтқарылды

2017 жылғы 26 сәуір 02:32
Бөлісіңіз:
Өскеменде Ертіске құлап кеткен бойжеткен құтқарылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде жағалаудағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жерде бойжеткен абайсызда Ертіс өзеніне құлап кетті.

Жанұшырған дауысты естіген құрылысшылар мен сол маңдағы қоғамдық күзет кезегінде жүрген екі полицей Жедел басқару орталығынан хабар келіп жеткен соң көмекке ұмтылады. Олар күш жұмылдырып қиын жағдайда қалған 19 жастағы студент қызды құтқарды. «Қызды құтқару оңайға соқпады, өйткені бұл тұста өзеннің ағысы қатты әрі терең еді, сондай-ақ жағалай судан үш метрдей биік болатын. Сондықтан жағадағылар құрылыс кранын пайдаланды», - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.

Бойжеткенді полиция қызметкерлері Рустам Ағыбаев пен Рауан Жақсылықов жедел жәрдем келгенше полиция бекетіне жеткізіп, құрғақ киім беріп, ыстық шай ұсынған. Бойжеткен оқиғаның қалай болғанын айтып берген. Ол жағалауда қыдырып жүріп, жағалаудың қоршауына шығып (парапет) отырған. Қатты ағысқа қарап отырғанда кенеттен басы айналып суға құлап кеткен.

Дәрігерлер бойжеткеннің денсаулығына айтарлықтай қауіп төнбегенін анықтады. Өйткені ол суық суда көп болмаған әрі полицейлер оны дер кезінде жылытып салқын тиюдің алдын алды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT