Өскеменде Ертіс өзеніне ағып бара жатқан жігіт құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде Ертіс өзеніне батып бара жатқан жігіт құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық төтенше жағдай департаментіне слітеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қаладағы ыстық ауа райы халықтың жаппай өзен-көлге шомылуына түрткі болып отыр. Көп адамдар рұқсат етілмеген, арнайы жабдықталмаған жерлерде шомылады.

1991 жылы туған жігіт Ертіс өзенінде жүзіп жүрген. Бір кезде қатты ағысқа тап болып, оған қарсы тұруға шамасы жетпей, өзен бойымен аға жөнелген.

«Оның күші таусылып, өз бетінше жағаға жүзіп жете алмаған. Жағалауда Өскемен қаласының құтқару стансасы бар еді. Стансадағы қызметкерлер суда тырбаңдап, не істерін білмей абдыраған адамды байқап, көмекке ұмтылды. Біреуі өзендегі жігітке қарай жүгірсе, қалғаны құтқаратын құралдар мен катерді жағалап кетті. Қала тұрғынының жанына жүзіп жеткен құтқарушы оны жағалауға жеткізді» деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, құтқарылған адам медицициналық көмекті қажет еткен жоқ.


Соңғы жаңалықтар