Өскеменде ер адам дүкенді «миналады»

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяу күндері полицияға телефон соққан Өскеменнің бұрын сотталған тұрғыны дүкенге бомба салынғаны туралы хабарлады. Бірақ қай дүкенде екенін айтпай, тұтқаны қоя салды. Қала тұрғыны сол күні қамауға алынды, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға 23 сәуір күні орын алған. Түнгі сағат 11-ге қарай полиция қызметіне телефон соққан белгісіз біреу: «Дүкенге бомба салынды» деп айтып, тұтқаны қоя салған. Ол жарылғыш заттың дәл қай мекемеде салынғанын хабарламады.

«Тәртіп сақшылары телефон соққан адамды бірден іздеуге кірісті. Тәртіп бұзушы бір сағаттың ішінде табылды. Ол облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Қамауға алынған ер адам алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. ҚР ҚК-нің 273-бабы «Лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлама» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қала тұрғыны ұсталған кезде ешқандай бомбаның жоқ екенін мойындады.

Ұсталған ер адам бұрын ұрлық, алаяқтық және есірткіні сақтау үшін сотталғаны хабарланып отыр. Полицияда ер адамның бомба туралы неге хабар таратқаны нақтыланбайды.

Соңғы жаңалықтар