Өскеменде ер адам 9-қабаттан құлап, көз жұмды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде 42 жастағы ер адам 9 қабатты үйден құлап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«27 маусым күні сағат 6.28-де 102 арнасына белгісіз ер адам хабарласып, сағат 6.20-да 30 гвардиялық дивизия көшесіндегі 9 қабатты үйден ер адамның құлап мерт болғанын хабарлады. Тексеру барысында марқұмның 42 жастағы қала тұрғыны екенін анықталды. Қазір оқиғаның мән-жайы тексерілуде», - делінген ШҚО полиция департаментінің ақпаратында.

Аталмыш оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар