Өскеменде елордадан келген автобус жолаушылары тексерілуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде Нұр-Сұлтан қаласынан келген автобус жолаушыларына медициналық тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында құрылған қалалық штаб өкілдерінің мәліметінше, 19 наурыз күні шаһарға елордадан 3 автобус рейсі келген. Дәрігерлер жолаушылардың барлығымен жұмыс істеуде.

«Әр адамның дене қызуы өлшеніп, сауалнама жүргізіліп, тиісті мәліметтер жиналуда. Кешке қарай Алматыдан автобустар келеді деп күтілуде. Біз қала тұрғындарынан осындай сақтық шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген мәліметте.

Осыған дейін Өскемен тұрғындары маска бағасының қымбаттығына шағымдана алатындығын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар