+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Өскеменде «Екпе алып, көлік ұтып ал!» акциясы басталады

2021 жылғы 24 маусым 05:00
Бөлісіңіз:
Өскеменде «Екпе алып, көлік ұтып ал!» акциясы басталады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында 28 маусымнан «Екпе алып, көлік ұтып ал!» акциясы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Pfizer компаниясымен келіссөздер аяқталуға жақын – Алексей Цой Диспансерлік есепте тұрған науқастар вакцина алуы керек пе? СҚО-да  коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алғандар саны 117 мыңнан асты

ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметке сүйенсек, вакцина алған 18 жастан асқан Өскемен қаласының барлық тұрғындары автокөлік ұтыс ойынына қатыса алады.

- Ол үшін барлық екпе алған азаматтар 28 маусымнан бастап https://vaccine-uk.kz/ сайтында тіркелуі қажет. Акцияға жылдың басынан вакцина алғандар қатыса алады. Аты-жөнін, ұялы телефон нөмірін және екпе алған орынды көрсеткеннен кейін, акцияға қатысушыға алты таңбалы бірегей нөмір беріледі. Осы нөмір бойынша бас жүлде ойнатылады, - делінген хабарламада.

Ұтыс ойыны жалпыға бірдей екпе алу науқаны аяқталғаннан кейін әлеуметтік желілерде онлайн трансляция арқылы өтеді. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ұтыс ойынының барлық кезеңдерін қадағалайтын тәуелсіз қоғамдық комиссия құрылмақ.

Сондай-ақ акцияға Өскемен қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне қатысуға тыйым салынады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT