Өскеменде екі жұмысшы тірідей жанып кете жаздады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменнің « Су арнасы» коммуналдық кәсіпорнында екі жұмысшы тірідей жанып кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Кәсіпорынның екі қызметкері кәріз жұмыстарын орындап жатқан. Олардың бірі электр дәнекерлеуші болса, екіншісі - механик. Оқиға түнгі ауысымда болған. Қазір зардап шеккендердің екеуі де 1-ші қалалық аурухананың интенсивті терапия бөлімінде жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы ауыр, денелерінің 50% күйік шалған.

Компания басшылығы оқиға техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болғанын айтуда.

«Қазіргі таңда заңға сәйкес ішкі қызметтік тексеру бойынша комиссия құрылды. Еңбек департаментіне хабарлама бердік, енді бұл оқиғаны тексеру бойынша комиссия тағайындалады. Оның нәтижесімен оқиғаның орын алуына себеп болған мән-жай анықталады», - деді «Өскемен-су арнасы» ҚМК бөлімінің басшысы Наталья Лукерина.

 

Соңғы жаңалықтар