Өскеменде екі жаңа емхана бой көтереді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында екі жаңа емхана ашылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде екі жаңа медициналық мекеме бой көтереді. Бұндағы мақсат – халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру.

«Жаңа емханалардың бірі Протозанов көшесінде орналасады. Қазіргі уақытта сол жақта бос тұрған ғимаратты жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Бұл жерде 3 жыл бұрын сүт өнімдерін жасайтын мекеме болды. Енді оның орнына емхана ашылады. Осылайша, бұл көшеде тұратын халық алысқа сабылмай сонда барып, дәрігерлерге қаралуына жағдай жасалады», - дейді басқарма басшысы Ермек Омарбеков.

Ал екінші емхана Ертістің сол жағалауындағы бұрынғы тері-венерологиялық диспансерінің орнына ашылады. Ескі ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар