Өскеменде екі судья мен қорғаушы пара алғаны үшін сотталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті бұған дейін Өскемен қаласының №2 сотының судьясы Г.Қайролдинге, Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу сотының кеңсе меңгерушісі К.Байтеміроваға және қорғаушы С.Оқасоваға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтаған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қайролдина Байтемірованың астыртын көмек беруі арқылы және Оқасованың арандатуымен сотталушы жасаған қылмысын жеңілдету және жазадан босату үшін Пугаевтан пара алған. 20 тамыз күні ШҚО Глубовский аудандық сотының үкімімен Қайролдина және Оқасов сот залында тұтқынға алынып, сәйкесінше 5 және 4 жылға сотталды, ал Байтеміроваға қатысты 5 жыл кейінге шегерумен 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді», - делінген хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, сотталушылар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар