Өскеменде екі шенеунік пара алғаны үшін сотталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Өскемен қалалық аймақтық инспекциясының басшысы К.Ишкибаев пен осы мекеменің бас маманы Ж.Тұяқбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар фитосанитарлық сертификаттар бергені үшін жеке компаниялардан пара алу фактісімен айыпталды.

6 маусымда Өскемен қаласының №2 соты Ишкимбаев және Тұяқбаевқа айыппұл төлеу үкімін шығарды: Ишкимбаев - 3,9 млн теңге, Тұяқбаев - 805 мың теңге төлейді және лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Соңғы жаңалықтар